Ақтөбе: 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау жиыны өтті 1277

Ақтөбе: 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау жиыны өтті

03 ақпан 2022 380 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен Ақтөбе имамдарының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау жиыны өтті.

Облыстың Бас имамы ҚМДБ бекіткен «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылында атқарылатын 7 бағытқа жеке тоқталды.
Сонымен қатар «Діни білім және ғылым» бағыты бойынша діни сауат ашудағы шәкірттердің санын көбейту, медресе түлектерін ауылдық жерге жұмысқа орналастыру, жоғары діни білімді кадрлар санын арттыруға басымдық беру мәселесі айтылды.

Ал «Уағыз-насихат және Ихсан» бағыты бойынша уағыз сапасына басымдық беру, ихсан аясында мақалалар шығару, онлайн және офлайн дәрістер санын арттыру мәселесі көтеріліп, өкілдікке қарасты «Жастар секторы» мен «Әйел-қыздар» секторы «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» және «Балалар жылы» тақырыбына орай ірі іс-шаралар ұйымдастыру мәселесі көтерілді.

«Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Ақсақалдар алқасы» мен «Әжелер мектебінің» жұмысын жандандыру, неке, талақ т.б күрделі сұрақтарды пәтуа бөліміне жолдау туралы да қарастырылды.

«Ақпарат және ағарту» бағыты бойынша әр имам 1 айда 1 мақала жазу, www.nurgasyr.kz сайтының оқырман санын арттыруға және әлеуметтік желі қолданушысы ретінде белсенділік танытуға шақырды.

Одан өзге «Қоғаммен байланыс», «Уақып және қайырымдылық», «Діни оңалту» бағытындағы мәселелер қамтылып, арнайы тапсырмалар бекітілді.

Жиын қортындысында 2021 жылы үздік деп танылған имамдар, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры мен ұстазы, «Ақсақалдар алқасының» белсенді мүшелері мен «Жастар ісі секторының жетекшісі, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.

 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі