«Әлеуметтік желінің заманауи тәсілдері» атты семинар өтті 1255

«Әлеуметтік желінің заманауи тәсілдері» атты семинар өтті

29 қаңтар 2022 268 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде әйел ұстаздарға арналған «Әлеуметтік желінің заманауи тәсілдері» атты семинар өтті.

Аталған семинарда журналист, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова дәріс берді.

Шара барысында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы бүгінгі таңда ғаламтордың мүмкіндіктеріне тоқталды.

Ал журналист Ақтолқын Тажикова адамдардың әлеуметтік желіні қолданудағы негізгі діни контенттің 3 мақсатын айта келе, бүгінгі таңда желі құрылымына шолу жасап, әлеуметтік желілердің пайдасы мен зиянын, желілердің мүмкіндіктерін, сондай-ақ қатерлерін басты назарға алды.

Одан өзге семинар қортындысында әлеуметтік желі мәдениетін қалыптастыруда ең басты ескеретін 3 мәселемен түйіндеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі