Ақтөбе: Құрбан айттың алғашқы күні 1861 отбасыға 15 тонна 840 кг құрбандық еті үлестірілді 3425

Ақтөбе: Құрбан айттың алғашқы күні 1861 отбасыға 15 тонна 840 кг құрбандық еті үлестірілді

16 маусым 2024 779 Оқу 1 минут

Құрбан айттың бірінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2024» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша мешіттерде әртүрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып, жалпы офлайн және онлайн 41 ірі қара, 351 қой құрбандыққа шалынып, 1861 отбасыға, 3 мекемеге жеткізіліп, 15 тонна 840 кг құрбандық еті үлестірілді.  Онлайн форматта 50 қой, 2 ірі қара шалынып таратылды. Биылғы құрбандық шалу үрдісі де қашықтан және офлайн түрде ұйымдастырылып, qurban2024.kz сайты арқылы жүзеге асты. Атап айтсақ, қашықтан онлайн құрбандық шалуға ниет білдіріп, аталған сайт арқылы мал түрін таңдап, ақшасын аударған жандардың шалған құрбандықтары, сайт арқылы өтінім берген мұқтаж отбасыларға жеткізілуде.

200 отбасыға 3 тонна азық-түлік таратылды. Мешіт аулаларында киіз үйлер тігіліп,  ұлттық спорттық шаралар ұйымдастырылды. Аламан бәйге, тай жарыстар ұйымдастырылды. Балаларға құрбан айтқа тәттілер таратылып, суға кеткен отбасыларға айт дастарқандары жайылды. 

Сонымен қатар арнайы курьерлік қызметпен жеткізілген құрбандық еттерін алған қала тұрғындары «QURBAN-2024» онлайн қайырымдылық акциясын өткізуге атсалысқан жергілікті билік мен облыс, қала, аудан мешіттеріне, жомарт жандар мен еріктілер тобына үлкен алғыс білдіріп, Алланың ризалығы мен сауабын тіледі. Алла Тағала ізгі ниетпен шалған құрбандықтарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін!   

Ақтөбе облыстық орталық    

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі