Шалқар: Әйел жамағаты арасында салауат айтудан сайыс өтті 2128

Шалқар: Әйел жамағаты арасында салауат айтудан сайыс өтті

27 қыркүйек 2022 222 Оқу 1 минут

Шалқар ауданындағы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтудан сайыс өтті.

Байқау барысында 140800 салауат айтып, Өмірхан Жанерке бас жүлдені иеленді. Жалпы сайыс барысында екі дүние сардарына 1 000 000 рет салауат айтылды.

Сонымен қатар жарысқан қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар табыс етілді.

Одан өзге Шалқар аудандағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Матай Қоқанұлы» аудандық мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай «Пайғамбарға махаббат» тақырыбында уағыз насихат айтса, «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұстазы Бақытнұр Нұрмағанбетова «Адамзаттың асыл тәжі» кітабына талдау ретінде сұрақ-жауап ұйымдастырды.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспаөз қызметі