«Мүфтият үздігі – 2022»: «Үздік мешіт азаншысы-2022» – Марат Дарибаев 2328

«Мүфтият үздігі – 2022»: «Үздік мешіт азаншысы-2022» – Марат Дарибаев

24 желтоқсан 2022 277 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2022» номинациясының марапаттау рәсімі өтіп, Ақтөбе қалалық орталық мешіттің азаншысы Марат Дарибаев – «Үздік мешіт азаншысы – 2022»  атанды. 

Аталған марапатты Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде табыстап, құттықтау сөзін сөйлеп, дін жолындағы қызметіне сәттілік, отбасына амандық тіледі. 

Азаншы: «Бұл жетістік пен жеңіс – Ислам дінімізге деген құрмет деп білемін. Үздіктер қатарынан көрген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлына алғысымды білдіремін» ,-деді. 

Айта кетсек, 22 номинация бойынша үздіктер қатарынан табылған азаншы Марат Темірбекұлы Ақтөбе өкілдігінде 2007 жылдан бері қызмет етеді. 

Ақтөбе облыстық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі