«Қазақтың ұлттық тағамдары» атты көрме ұйымдастырылды 5806

«Қазақтың ұлттық тағамдары» атты көрме ұйымдастырылды

02 қаңтар 2026 19 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Әзіреті Біләл» мешітінде дәстүрді дәріптеу мақсатында  «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты көрме ұйымдастырылды. 

Іс-шараға 20-дан астам қыз-келіншектер қатысты. Мешіт ұстазы Жазира Айбекқызы қазақ халқының ұлттық тағамдары — ұлттың тарихы мен мәдениетінің айнасы туралы насихат айтты. 

Ал мешіт шәкірттері  қазы-қарта, бауырсақ, қымыз, шұбат, ет тағамдары — ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұра екенін, пайдасы мен жасалу жолын баяндады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі