Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде Рамазанға арналған шеберлік сағаты өтті 5898

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде Рамазанға арналған шеберлік сағаты өтті

06 ақпан 2026 23 Оқу 1 минут

Ақтөбе "Әйел-қыздар" секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарованың ұйымдастыруымен "Рамазан айына дайындық" шеберлік сағаты өткізді.

Қатысушылар тігін өнерінің негіздерін меңгеріп, әртүрлі заттарды өз қолдарымен раннерлер, салфеткалар, шопперлер және басқа да декоративті бұйымдар тігіп үйренді.

Сонымен қатар тігін өнерінің дағдыларын меңгеріп, шығармашылық қабілеттерін дамытты.

Шәкірттер бір-бірімен тәжірибе бөлісіп, креативті өрнектер қолданып, қолөнер арқылы мерекелік атмосфераны қалыптастырды.

Шара соңында жасалған бұйымдар мешіттің іс-шараларында және қоғамдық шараларда қолдануға дайындалды, бұл өз кезегінде әйел қауымының бірлігін арттыруға және рухани тәрбиесін нығайтуға септігін тигізеді.