Шалқарда «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының 2 легі қортындыланды 1975

Шалқарда «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының 2 легі қортындыланды

18 тамыз 2022 121 Оқу 1 минут

 Шалқар ауданына қарасты «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешіті жанынан ашылған қайырымдылық мекемесінде (медреседе) «Имани жаз» балаларға арналған жазғы лагерь ұйымдастырылып, 2 легі қортындыланды.

Ауданының Бас имамы Бақыт Әбдіисламұлының ұйытқы болуымен өтіп жатқан жазғы лагерде балаларға ұстаздар Құран әліппесін үйретіп, сүрелерді жаттатты. Сонымен қатар жазғы сауат ашу курсы барысында әр түрлі дұғалар, хадистер, Алланың көркем есімдері, иман шарттары, исламның шарттары туралы мол мағлұмат алды. Одан бөлек қазақ жерінен шыққан ұлы тұлғалардың өмір баяны мен өлеңдерін үйренуде.

Салтанатты шарада ұстаздар үздік деп танылған шәкірттер мен олардың ата-аналарын марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Шара қортындысында ата-аналар мен оқушыларға ұстаз Жұлдыз Тлеубай «Білімді алуда ықылас, ниетіміз қандай?», «Алланы тану» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі