Шалқар: Әйел жамағатына Ораза айтқа шара ұйымдастырылды 1651

Шалқар: Әйел жамағатына Ораза айтқа шара ұйымдастырылды

03 мамыр 2022 128 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының әйел жамағатына аудандағы ҚМДБ Әйел-қыздар секторының жетекшісі, «Матай Қоқанұлы» аудандық мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың жетекшілігімен «Ораза айт құтты болсын!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шара қасиетті Құран оқумен басталып, әжелердің ақ баталарымен өрбісе, Рамазан айында Құранды көп Хатым еткен шәкірттерге тәж кигізілді. Сонымен қатар «Жанаман Ахун Сейітімұлы» мешітінің ұстазы Арай Бақытқалиева «Кім жылдам» тренингін өткізді.

Мерекелік шара қортындысында балаларға балмұздақ үлестіріліп, сайыстарға қатысушыларға сыйлықтар берілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі