Әйел жамағатына семинар ұйымдастырылды 3497

Әйел жамағатына семинар ұйымдастырылды

29 тамыз 2024 394 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешіті және Ақтөбе дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен «Бақытжан» мешітінің  әйелдер жамағатына семинар ұйымдастырылды. Шара басында мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова «Әйелдің қоғамдағы рөлі. Әйел табысының берекесі» тақырыбында насихат айтты.

Сонымен қатар «Ақтөбе қаласының мансап орталығы» филиалының маманы Р.Кожантаева мемлекеттік қайтарымсыз гранттар алу, қайтарымсыз несиелер, әлеуметтік көмек туралы толық ақпарат берді.

Ал «Ақтөбе қаласының отбасын қолдау орталығының» талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А.Уразова «Бақытты отбасындағы» курстар, үйірмелер және отбасы құндылықтары туралы толық мағлұмат берді.

Семинар қортындысында мамандар жамағаттың сұрақтарына толыққанды түщымды жауап берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі