Ақтөбе: Облыстың Бас имамы имамдарға онлайн жиын өткізді 3817

Ақтөбе: Облыстың Бас имамы имамдарға онлайн жиын өткізді

15 қазан 2024 238 Оқу 1 минут

Өткен апта ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің төрағалығымен облыс Бас имамдарына онлайн жиын өтіп, бірқатар тапырмалар берілген болатын.

Осыған орай Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев қала және аудан бас имамдарына арналған онлайн жиналыс өткізді. Жиналыс барысында уағыз-насихат жұмыстарының тұрақты болуы, уақып істерін жаңғырту, әлеуметтік желілерде муфтият және өкілдік шараларын бөлісу және оны насихаттау, пәтуа мәселелеріне аса сақтықпен қарау, мешіт қабырғасында бекітілген имамдардың уағыз айтуын қадағалау, қайырымдылық шараларының қаражатын тек арнайы шотқа жинау секілді бірақатар тапсырмаларды берді.

Өз кезегінде имамдар сұрақтар қойып, кейбір түйткілді мәселелерді ортада талқылап жауабын алды.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі