20 Зул-Қағда
Мешіт қызметкеріне умраға жолдама берілді 4408

Мешіт қызметкеріне умраға жолдама берілді

10 сәуір 2025 266 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің есепшісіне кіші қажылық сыйға берілді. Мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының ұйытқы болуымен құлшылық үйінің барлық қаржылық жұмыстарын тиісті деңгейде атқарып, өзі ісіне асқан жауапкершілікпен қарап, бірнеше жыл қатарынан жұмыс жасап келе жатқан мешіттің есепшісі Анаргүл Даулетиярқызына

Алланың үйіне әрдайым қолдау білдіріп жүрген жанашыр кәсіпкер азаматы Аймағамбетов Нұрбол Қалмырзаұлы демеуші болып, умра қажылығына сертификат табыс етті. Алла тағала дін жолында әрдайым жақсылықта ұмтылушы жомарт жандар туралы

«Сәбә» сүресінің, 39-аятында: «Тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла, тағы есесін береді. Ол, ризық берушілердің ең жақсысы»-деп баяндайды. Ендеше, игі іске бастамашы болған Нұрбол Қалмырзаұлына алғыс білдіріп, кәсібіне табыс тілейміз.

Алла Тағала қабыл қылған қажылықтардан етсін!