Әйелдер арасында интеллектуалды білімі сайысы өтті 3818

Әйелдер арасында интеллектуалды білімі сайысы өтті

16 қазан 2024 137 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында интеллектуалды білім сайысы өтті.

Шалқар қайырымдылық мекемесінде ұйымдастырылған білім додасында ұстаз Жұлдыз Тлеубай жарыс шарттарын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Зияткерлік сайысына әйел жамағатынан 3 топ қатысып, ислам тарихына, пайғамбарлар және сахабалар өміріне, ақида, фиқх, салт-дәстүрге және әдебиетке негізделген түрлі форматтағы сұрақтардан тұратын 5 кезең бойынша сынға түсті.

Әділқазылар алқасының шешіміне сәйкес үздіктер анықталып, алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.