ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Ақтөбе жамағатымен жүздесті (ФОТО)
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында (РАТТ) мамандары, ҚМДБ «Әйел-қыздар» сектор меңгерушісі Динара Құтқожақызы, Нұр-Сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Талшын Зарқымқызы, Батыс Қазақстан облысы «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теологы Назүл Медерқызы Ақтөбе облысына келіп, әйел жамағатына ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өңірдегі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы әйел жамағатымен жүздесіп, Әбу Ханифа мәзһабы мен Мәтуриди сенімін ұстанудың маңызын кеңінен түсіндіріп берді. Сонымен қатар салт пен дәстүрге, қоғамда қалыптасқан құндылықтарға құрметпен қарауға үндеді.
Одан өзге РАТТ мүшелері «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақ болып, «Қыздың қылығы түзде...», «Отбасы құндылығын сақтаудың 5 сыры» тақырыбында журналист Ақтолқын Тажиковаға сұхбат берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі