Дін мамандары ағаш көшеттерін отырғызды 3816

Дін мамандары ағаш көшеттерін отырғызды

13 қазан 2024 223 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің дін қызметкерлері, облыстық дін істері басқармасы, «Аңсар» ақпараттық орталығының мамандары Есет Батыр шағын ауданы аумағында ағаш көшеттерін отырғызды.

Сонымен қатар құтты мекен Ақтөбе қаласын көркейту және оның тазалығын сақтау мақсатында апта сайынғы өткізілетін сенбілік ұйымдастырылды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Иман жетпіс неше немесе алпыс неше бұтақтан тұрады. Олардың ең абзалы – «Ләә Иләһә Иллаллаһ» деу және ең кішісі – жолдағы қоқысты (кедергі беретін нәрсені) алып тастау. Ұят та – иманның бір бұтағы» деді. 

Хадис шәріпте мұсылман адамның иманы бұтағы көп ағашқа теңелген. Бұл жай теңеу емес. Ағаштың тамыры – жерде, иманның тамыры – жүректе. Жер сау болса, өнім жақсы. Жүрек сау болса, амал жақсы. Жолда жатқан қоқысты алып тастау – мұсылман үшін иманын күшейту сияқты қадірлі амал.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі