«Нұр Ғасыр» мешітінде «Қайырымды жұма» акциясы өтті 732

«Нұр Ғасыр» мешітінде «Қайырымды жұма» акциясы өтті

13 тамыз 2021 157 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли мен ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарованың ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Қайырымды жұма» акциясы өтті.

«Нұр Ғасыр» мешітінде өткен іс-шара барысында мешітке келіп өтініш білдірген көпбалалы, жалғызбасты 20 отбасыға Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы азық түліктен жасалынған қайырымдылық пакетін үлестірді.

Шара соңында көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғысын білдірді.

 Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі