Ақтөбе: «Менің ғажайып демалысым»  атты жазғы сауат ашу курсы тәмамдалды 1794

Ақтөбе: «Менің ғажайып демалысым» атты жазғы сауат ашу курсы тәмамдалды

17 маусым 2022 133 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастырумен өткен «Менің ғажайып демалысым» атты жазғы сауат ашу курсы тәмамдалды. 

Он бес күні ішінде мектеп оқушылары Құран әліппесі, иман негіздері, әдеп, Пайғамбар (с.ғ.с) өмірбаяны секілді пәндер бойынша дәріс алып, асыл дініміздің негізгі құндылықтарын тануда білім көкжиектерін кеңейтті.

Сондай-ақ біліммен қатар, қаланың көрікті жерлеріне шағын саяхаттар ұйымдастырылып, демалыс орындарына барып серуендеді.

Сауат ашу курсын қортындылау шарасына мұрындық болған Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы көңілдері пәк, білімге құштар балаларға «Талаптарың оң болсын! Мешіт қабырғасынан алған ілімдерің өмірлік темірқазықтарың болғай! Еліне аянбай қызмет етер азамат болыңдар!» ,-деп ыстық лебізін білдіріп, әр балаға мадақтама қағазы мен естелік сыйлықтарын табыс етті.

Одан өзге шара барысында жеткіншектерге білім беріп, мешіттегі уақытын тиімді өткізуге бар жігерлерін аямай түрлі қызықты ойындар мен сабақтарды өткізген ұстаздар қауымы да ескерусіз қалмай, бас имам атынан алғыс хат және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Мешіт ұжымының осы бір игі жұмысына ризашылық білдірген ата-аналар алғыс айтып, екінші маусыммен жалғасын табуға өтініштерін білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі