Наиб имам қарттармен кездесті 2999

Наиб имам қарттармен кездесті

15 қазан 2023 108 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мажит Абишев, Ақтөбе облысы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова және мешіт ұжымы «№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» барып, қарттармен кездесті.

Игі шара барысында қарттарды облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының атынан «Мәуліт» айымен құттықтады.

Сонымен қатар қартын құрметтеген халқымыздың асыл қасиеті екенідігін атап өтті.

Мереке құрметіне орай орталыққа «МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАР ӨМІР ЖОЛЫ» атты кітаптар мен қарттарға жемістер тарту етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі