Ақтөбе: «Имани жаз» сауат ашу курсының ІІ кезеңінде 70 шәкірт оқыды 1859

Ақтөбе: «Имани жаз» сауат ашу курсының ІІ кезеңінде 70 шәкірт оқыды

02 шілде 2022 114 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен өтіп жатқан «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсының ІІ кезеңін мектеп жасындағы 25 ұл, 45 қыз бала тәмамдады. 

Салтанатты шарада облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы сөз сөйлеп, 70 шәкіртке сертификат табыстады.

«Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті жылдағы дәстүрге сай, жаздағы балалардың уақытын тиімді өткізу мақсатында «Имани жаз» атты сауат ашу курсын ұйымдастырып келеді. Бүгін міне, курсымыздың екінші кезеңін аяқтап отырмыз. Алғашқы кезеңде 80 шәкірт (44 ұл, 36 қыз бала) ілім алса, бүгін 70 шәкіртіміздың курсты тәмамдағанына көзайымбыз. «Жалпы мұсылман бала қандай болу керек?» деген мақсатта сабақтар өткізіліп келді. Үйренген Құран әліппесі мен әдеп аясындағы өткен дәрістерді ұмытып кетпей, әрі қарай отбасыларыңызда жалғастырады деген ниеттіміз. Сондай-ақ кейінде мешітке келіп, ұстаздарыңыздан дәрістеріңізді жалғастырсаңыздар нұр болады.

Сіз бен біз болып қоғамда әдепті бала болуға әрекет жасайық. Бүлдіршіндер телефонда көп отырғанның орнына кітап оқысаңыздар, көбірек Құран жаттасаңыздар деген ізгі ниетіміз бар», -деп Бас имам діни сауат ашу курсының маңыздылығына тоқталып, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп өсірген ата-аналарға алғыс айтты.

Аталған курс барысында 23 бала (12 ұл, 11 қыз) Құранға түсіп, жатқа тапсырды. Он бес күн ішінде шәкіртерге ұстаздар 124 сағатты қамтыған «Мұғалім сәни», «Құран», «Ислам әдебі», «Пайғамбарлар қиссасы», «Алланың 99 есімі», «Күнделікті дұғалар» атты сабақтан дәріс өтті.

Сонымен қатар шәкірттердің таным көкжиегін байыту мақсатында табиғат аясында серуендер ұйымдастырылды.

Іс-шара қортындысында Бас имам Құранға түскен 23 шәкіртке белсенді, ал қалған 47 шәкіртке қатысқандығы үшін сертификатпен марапаттады.

Одан өзге ата-аналар ұстаздарға мен жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі