«Досжан хазірет»  мешіті  шәкірттерге ауызашар берді 4764

«Досжан хазірет» мешіті шәкірттерге ауызашар берді

25 тамыз 2025 95 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Досжан хазірет» мешітінің бас имамы Шынболат Үмбетовтің ұйымдастыруымен «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттеріне ауызашар берілді. 

Әр ай сайын жалғасын тауып келе жатқан игі іске қала мешіттері бірлесіп атсалып келеді. Жамағаттың білім жолындағы жастарға қолдау білдіріп, әрдайым демеуі асыл дінімізде мол сауапты іс. Алла тағала атсалысқан әрбір азаматқа разы болып, өмірлеріне береке, дендеріне саулық берсін!

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі