Облыстың бас имамы профессор Мұхаммад аш-Шаххатты қабылдады 3033

Облыстың бас имамы профессор Мұхаммад аш-Шаххатты қабылдады

25 қазан 2023 190 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысына арнайы іссапармен келген Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххатты Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы қабылдады. 

Ректор Мұхаммад аш-Шаххат Ақтөбе облысындағы діни ахуал жайлы таныса келе, университетте осы облыстан білім алатын студенттердің білімге құштарлығын айтып, бұл жергілікті дін қызметкерлерінің еңбегінің жемісі екенін де атап өтті.

Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мысырлық ғалымға ізгі лебізін білдіріп, қазақ жеріне келіп, дін жолында жасап жатқан еңбектеріне сәттілік тіледі.

Одан өзге ұлттық дәстүрімізге сай ғалымға шапан жауап, сый-кәде көрсетті.

Аталған іс сапар аясында алматылық делегация ректор, профессор Мұхаммад аш-Шаххат пен кеңесшісі Рахымжан Әкімбеков Ақтөбе медресе колледжіне зиярат жасады.

Оқу ордасының директоры, РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Қайназарұлы медресенің тыныс-тіршілігі жайлы таныстыра келе, оқу бағдарламаларына да тоқталды.

Шәкірттермен кездесу барысында профессор Мұхаммад аш-Шаххат білім алудың артықшылығы, дін жолындағы қызметтің құндылығы жайлы баяндап, діни қызметкер болудың жауапкершілігі мен өзгелерден ерекшелігі, қоғамға тигізер үлесінің маңызын жан-жақты талдап берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі