«Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді 6452

«Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді

10 маусым 2026 11 Оқу 1 минут

«Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Ерік Сұлтанов республикалық «Мұнара» теларнасында қонақ болып, «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді.

Бағдарлама барысында оқу ордасының басшысы авторы әрі журналист Ақтолқын Тажикованың әр сауалына толыққанды жіті жауап берді.

Сұхбатта «Ақтөбе» медресе-колледжінің биылғы оқу жылындағы жаңалықтары мен жетістіктері, медресе-колледждің басқа колледждерден айырмашылығы, ұлттық тәрбие әдістері, оқуға түсу талаптары, түлектердің қызметпен орналасуы т.б айтылды.

«Жұмадағы жүздесу» бағдарламасын осы жұма күні яғни 12 маусым күні сағат 6:30, 11:00, 18:00, 20:30-да «Мұнара» арнасынан көре аласыздар. Әр шаңырақта «Мұнара» арнасы қосулы болғай!

«Мұнара» телеарнасы Отауда 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арна. Ютубтан көру үшін сілтеме: https://www.youtube.com/@munaratv

Айта кетсек, 30.07.2025 жылы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры қызметіне Ерік Қонақбайұлы Сұлтанов  тағайындалды. 

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі