«Екі дүниенің сардары» атты Мәуліт кеші өтті
Ардақты Пайғамбарымыз дүниеге келген мүбәрак Мәуліт айының құрметіне орай, Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен «Ақтөбе» медресе-колледжінде «Екі дүниенің сардары» атты мәуліт кеші өтті.
Рухани кешті Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев ашып, Мәуліт айының маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы, оның қадір-қасиетінің қаншалықты орасан екендігіне тоқталып өтті.
Сонымен қатар «Ақтөбе» медресе-колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Нұрғалиев «Алла елшісінің тұлғалық қасиеті» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Одан өзге Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы және «Досжан хазірет» мешітінің бас имамы Шынболат Үмбетов мәуліт жырын оқыды.
Сауабы мол игі шарада мәуліт жырынан соң Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли шараның басты мақсаты — берекелі айда Алла Елшісінің ﷺ өмірін көбірек жамағатқа насихаттап, сүннеттерін дәріптеу және Пайғамбарға деген махаббатты арттыру екендігін айта келе, «Мәуліт айында жасалатын абзал амалдар» туралы баяндады.
Рухани ешке қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі














































