Наиб имам 2023-2024 оқу жылының басталуымен құттықтады 2903

Наиб имам 2023-2024 оқу жылының басталуымен құттықтады

01 қыркүйек 2023 203 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылындағы Ақтөбе медресе-колледжіне барып, 2023-2024 оқу жылының басталуымен шәкірттер мен ұстаздарды облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының атынан құттықтады. 

«Білім алу, сауатты болу – діннің талабы. Себебі, Алла Құранның алғашқы аяттарын уахи еткенде әуелі «Алақ» сүресінің бес аятын түсірді: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол (Алла) адамды ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Раббың ең ардақты! Ол қаламмен жазуды үйретті. Адамдарға білмегендерін үйретті» («Алақ» сүресі, 1-5 аяттар). Алғашқы түскен аят «Оқы» әмірімен басталғандықтан мұсылман баласы оқып-үйренуі тиіс», екенін айтты Мұхаммедисмаил Шадман.

Жаңа оқу жылының басталуына арналған ресми шара Құран оқумен басталып, Әнұран айтумен жалғасын тапты.

Сонымен оқу ордасының директоры, РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Қайназарұлы мен аталған медресе-колледждің ұстазы Бауыржан Нұрғалиев Құран Кәрімде 719 жерде ілім жайында баян етілгенін айта келе, білімді адам өз ортасынан оқ бойы озып, еліне, жеріне, ұлтына, дініне аянбай қызмет етеді деп алған білімді халық игілігіне жұмсау – сауабы мол амалдың бірі екенін баяндады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі