Ақтөбе: «Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» атты семинар өтті 6626

Ақтөбе: «Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» атты семинар өтті

26 тамыз 2026 44 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен және «Досжан Хазірет» мешітінің ұйымдастыруымен қала имамдарына арналған «Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» тақырыбында семинар өтіп, Ақтөбе облыстық Нұр-Ғасыр мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов спикер болды. 

Наиб имам Ислам тарихындағы маңызды оқиғалар мен көрнекті тұлғалардың бүгінгі қоғам үшін маңызы жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ тарихи тәжірибеден тағылым алу, қоғамдағы ауызбіршілік пен тұрақтылықты нығайту, уағыз-насихат барысында тарихи деректерді орынды әрі сауатты қолданудың маңыздылығына тоқталды.

Одан өзге Ислам тарихын дұрыс түсінудің жат ағымдардың алдын алудағы және жастарға дұрыс діни бағыт-бағдар берудегі рөліне ерекше назар аудару керек екендігін айтты. Семинар қорытындысында имамдар өзара пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі