Хромтау: Хоккейден  ашық турнир ұйымдастырды 1381

Хромтау: Хоккейден ашық турнир ұйымдастырды

01 наурыз 2022 124 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің және ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жат ағымның алдын алу және жамағаттың ауызбіршілігін арттыру мақсатында «Күшіміз бірлікте» акциясы аясында хоккейден ашық турнир өтті.

Додаға жалпы алғанда барлығы 5 топтан 40 спортшы қатысты.Оның ішінде Хромтау қаласынан, Қызылсу ауылынан келген топтарда бар.

Сайыстың ашылу салтанатында ішкі саясат бөлімінің бас маманы Асхат Арыстанбаев пен «Нұр» мешітінің қызметкері Нұрсұлтан Бөлекбаев сөз сөйлеп, турнир қатысушыларына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар жарыстың құрметті қонағы Жақсығали Баяндин қатысушылар мен көрермендерге батасын берді. Ал ұйымдастырушылар тарапы ақсақалдың иығына шапан жауып, сый құрмет көрсетті.

Жарысқа қатысушылардың бірі – Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенті Саят Ахметқалиев: «Бала кезімнен хоккей ойынына деген қызығушылығым бар. Бүгінгі турнирде қатысушы мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Биылғы жыл елімізде «Балалар жылы» ретінде жарияланғандықтан, сайысқа ересектер ғана емес, жасөспірімдер қатысып жатқандығы қуантады, Бүгінгідей тартысты додалар салауатты өмір салтын қалыптастыруға, аудан жастарының ауызбіршілігін нығайтуға оң әсер етеді», -деп турнир туралы пікірін білдірді.

«Күшіміз бірлікте» акциясы аясында өткен доданың қортынды нәтижесі бойынша «Нұр» мешітінің ұжымы І орынды, «Қызылсу» ІІ орынды, «ХТТК» тобы ІІІ орынға ие болды. Жүзден жүйрік атанып, үздік ретінде танылған жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі