#Рамазан2026: Қарттар үйін Рамазан айымен құттықтады 5958

#Рамазан2026: Қарттар үйін Рамазан айымен құттықтады

19 ақпан 2026 33 Оқу 1 минут

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мажит Абишев Ақтөбе қаласындағы «№1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесінде барып, облыстың Бас имамы Амантай Садиевтің атынан Рамазан айымен құттықтады. 

Қамқорлықтағы қарттарға Ораза айының құндылықтарын кеңінен түсіндірілді. .Мешіт атынан оразаға арналған кітап пен Рамазан айының кестесі, мүфтияттың төл басылымы «Иман» журналын табыстады.

Кездесу қортындысында Алладан күш-қуат берсін деп дұға жасады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі