Темір ауданы бас имамы жамағатты бірлікке шақырды 5888

Темір ауданы бас имамы жамағатты бірлікке шақырды

06 ақпан 2026 25 Оқу 0 минут

“Ислам және адал қоғам” жылы аясында Темір ауданы Бас имамы Зарлық Ералин Ақсай ауылдық мешіті жамағатымен кездесті. “Бірлігі жарасқан жамағат” тақырыбы аясында ауыл жамағатымен кездесіп, жамағатқа насихат айтты. Ислам дініндегі бауырмашылдықтың маңызы, дос таңдаудың шарттары, мұсылман адамның қоғамдағы орны турасында уағыз айтылды. Ауыл жамағаты мешітте арнайы дастархан жайып, отырыс барысында имамға сұрақтарын қойды.