Ақтөбе: «Ислам ғибадаты» атты зияткерлік сайыс өтті 2188

Ақтөбе: «Ислам ғибадаты» атты зияткерлік сайыс өтті

19 қазан 2022 107 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық «Нұрдәулет» мешітінде облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында жергілікті жамағаттың күнделікті құлшылықтағы сауаттылығын арттыру мақсатында «Ислам ғибадаты» атты зияткерлік сайыс өтті. 

Аталған сайыс іріктеу және ақтық кезеңінен тұрды. Оған 37 азамат қатысты. Іріктеу кезеңінде барлық қатысушылар алдын-ала дайындалған тест сұрақтарына жауап берген болса, ал тест сұрақтарынан жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген 10 қатысушы ақтық кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ ақтық кезеңге өткен қатысушылар алдын-ала дайындалған билет сұрақтары бойынша қазылар алқасына ауызша жауап берді.

Жарыс қортындысында әділқазылар облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов пен мен «Ихсан» орталығының директоры Мейірхан Қалманов т.б І орынмен Кунаров Бекжанды (Samsung ноутбугі), ІІ орынмен Жаңабай Аманбайды (Samsung теледидары), 3 орынмен Дәрібайұлы Нұрсейтті (Samsung ұялы телефон), ал ақтық кезеңге өткен 7 қатысушыны ынталандыру сыйлығымен марапаттады.

Жарысқа қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі