Хромтау ауданындағы  «Асық ет» дүкеніне ҚМДБ Халал куәлігі табысталды 6543

Хромтау ауданындағы «Асық ет» дүкеніне ҚМДБ Халал куәлігі табысталды

11 шілде 2026 48 Оқу 1 минут

Хромтау ауданындағы  «Асық ет» дүкеніне ҚМДБ Халал куәлігі табысталды.

Кәсіпорынның халал талаптарына сәйкестігін бағалау және тексеру жұмыстарын ҚМДБ «Халал Даму» маманы Ақмаржан Ержанқызы жүргізді.

ҚМДБ Halal куәлігін Хромтау  ауданының бас имамы Марал Иманғали  табыстап, кәсіп иелеріне адал әрі сапалы өнім ұсыну жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Ақтөбе облыстық орталық

 "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі