ҚАРИҒА ТЕМІР ТҰЛПАР МІНГІЗДІ 2530

ҚАРИҒА ТЕМІР ТҰЛПАР МІНГІЗДІ

03 наурыз 2023 338 Оқу 1 минут

Қасиетті жұма күні Ақтөбе қаласындағы «Әс-Сәләм» мешітінің бас имамы, «Әс-Сәләм» қайырымдылық мекемесінің директоры Сұңғат Саметов жұмаға жиылған жамағатқа қарилық бөлімінде дәріс беруші Мұсаев Абдурахман қари ұстазға мекеменің тұрақты түрде қолдаушылары жанашыр жандардың демеушілігімен автокөліктің кілтін табыстады.

«Біз Құран жаттап және оны өзгеге жаттатып жүрген жанның еңбегін дүниелік затпен құнына жете алмаспыз, дегенмен адамның көңілі жасайтын қызметіне тікелей әсер етеді.

«Қари бауырымыз, шәкірттерді демалыста ойын-сауық орталықтарына апару үшін үлкен көлік қажет еді»,- деп жүруші еді, енді міне, Алла Тағала тілеуін беріп, ағайын себепші болып, 7 орындық тойотаның альфард маркалы кең көлігіне ие болды.

Жаратушы Иеміз тек жақсылыққа мінгізсін, демеуші жандардың дүниеде дін қызметкеріне мінгізген көлігі, ақыретте сырат көпірінен алып өтер көлігі болуын нәсіп етсін!»,- деді бас имам.

Одан өзге ақсалдардар батасын, жиналған жамағат байғазысын беріп тарқасты.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі