#Рамазан2026: Сектор жетекшісі шәкірттермен кездесті 5993

#Рамазан2026: Сектор жетекшісі шәкірттермен кездесті

27 ақпан 2026 15 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова «Ақтөбе» қыздар медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті. 

Шара барысында шәкірттерге білім жолының жауапкершілігі, талап пен тәртіп, шәкірт әдебі және уақыттың қадірі туралы мазмұнды уағыз-насихат айтылды.

Кездесу барысында сектор жетекшісі ілім алудың аманат екеніне тоқталып, білім мен тәрбиенің қатар жүруі – нағыз мұсылман тұлғаны қалыптастыратынын атап өтті. Сонымен қатар сабырлы болуға, ізденісті тоқтатпауға және алған білімді қоғам игілігіне жұмсауға шақырды.

Рамазан айында Құран оқудың, дұға мен истиғфарды көбейтудің, садақа берудің айналаға мейірім танытудың маңыздылығын атап өтті.

Жиын соңында шәкірттер сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

 Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі