Ақтөбе: Құрбан айт мерекесін насихаттауға арналған шара ұйымдастырылды 1874

Ақтөбе: Құрбан айт мерекесін насихаттауға арналған шара ұйымдастырылды

06 шілде 2022 160 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешіті жанындағы Әйел-қыздар орталығында Құрбан айт мерекесін насихаттау мақсатында  жамағатқа арналған іс-шара өтті. 

Игі шара қасиетті Құран Кәріммен басталып, түрлі викториналық сұрақ-жауаптардан тұратын ойынмен жалғасын тапты. Ал ойын барысында белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, арнайы мерекелік дастархан жайылды.

Іс-шара  қортындысында ақ жаулықты әжелер «Құрбан айт мерекесі үлкен мен кішіге қуаныш сыйлайтын ұлық мейрам. Қазіргі қоғамда бауырмалдықты, мейірімділікті насихаттайтын мерекені бүлдіршін, балаларымызға көбірек насихаттағанымыз жөн»,- деп ақ тілегін айтып, бата берді.

Айта кетсек, ұлық мерекенің бірін ұлықтауға арналған шараға 60-қа жуық әйел жамағаты қатысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі