Шалқар: «Білім бәйгесі» зияткерлік сайысы  ұйымдастырылды 1571

Шалқар: «Білім бәйгесі» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды

23 сәуір 2022 156 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының әйел жамағатына аудандағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Матай Қоқанұлы» аудандық мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың жетекшілігімен Рамазан айының құрметіне «Білім бәйгесі» зияткерлік сайысы өтті. 

Білім додасында сөзжұмбақ ұйымдастырылып, діни және логикалық сұрақтар қойылды. Сонымен қатар «Жанаман Ахун Сейітімұлы» мешітінің ұстазы Арай Бақытқалиева салт-дәстүрдің маңыздылығы туралы уағыз-насихат айтты.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі