Ақтөбе имамдары өрттен қаза болған марқұмдарға Құран бағыштады 2760

Ақтөбе имамдары өрттен қаза болған марқұмдарға Құран бағыштады

12 маусым 2023 239 Оқу 1 минут

Бүгін елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен барлық мешітте Құран хатым дұғасы жасалды.

Ақтөбе облысына қарасты қала, аудан, ауыл имамдары жамағатпен бірге Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде бас қосып, Шығыс Қазақстан облысында өрттен қаза тапқан марқұмдардың рухына Құран бағыштады.

Марқұмдардардың артында қалған туыстары мен жақындарына көркем сабыр сұрап, Жаратушы Алладан жақсылық тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі