Аудан имамдарына ҚМДБ жылдық жоспары түсіндірілді 3203

Аудан имамдарына ҚМДБ жылдық жоспары түсіндірілді

08 ақпан 2024 1266 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков Шалқар ауданы бойынша қала, ауыл имамдарымен жиналыс өткізді. Жиналысқа «Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Нұрсұлтан Қаниатов пен Шалқар аудандық «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ – нің басшысы Тоқтар Тобажанов қатысты.

Жиналыс барысында Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков қала, ауыл имамдарына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дін қызметкерлеріне жолдаған 2024 жылғы Бағдарлық баяндамасын таныстырып, «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы аясында атқаратын іс-шараларға тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы мен 2024 жылғы жұмыс жоспары талқыланды.

Жиынның қорытындысында 2023 жылы жүйелі жұмыс жүргізіп, жақсы нәтиже көрсеткені үшін Шалқар ауданы, Шілікті ауылы, «Нұрпейіс ишан» мешітінің имамы Жайық Елдосұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталып, ынталандыру мақсатында 30 000 теңгелік сертификатқа ие болды.