Мектеп бітірушілерге өмірге керекті өнегелік дәрістер өткізілді 2690

Мектеп бітірушілерге өмірге керекті өнегелік дәрістер өткізілді

17 мамыр 2023 251 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының #3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-11 сынып оқушыларына арналған «Өмірді бағалап үйренейік» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға аудандық полиция бөлімінің полиция капитаны Е.Нағымбаев, жастар ресурстық орталығының психологы Л.Есмағамбетова, Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Ж.Тлеубай және аудандық аурухананың жасөспірімдер дәрігері Г.Калжанова, аудандық емхана психологы Ү.Елекбаева қатысты. Шара басын орталық психологы бастап келген қонақтармен таныстырып, оқушыларға «Стресс және депрессия» тақырыбында слайд көрсету арқылы тақырыпқа шолу жасады. Сонымен қатар мамандар оқушыларға өмір құндылықтары жайында, сондай-ақ суицидтің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, видеороликтер көрсетті. Шара соңында емхана психологы оқушыларға психологиялық тренинг өткізді. Оқушылар ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі