Ақтөбе: Облыстық имамдар форумы өтті
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыс имамдарының басқосуы өтті. «Имам – ізгі қоғам жаршысы» атты облыстық имамдар форумында жақында ҚМДБ қабылдаған құжаттар таныстырылды.
Аталған құжаттар аясында дін қызметкерлерінің жоғары деңгейде жұмыс жасап, халыққа қызмет көрсетудің сапасын жандандыру керектігін Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы тапсырды.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі», «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі», «Қажының рухани келбеті» атты құжаттарды облыстық мешіттің наиб имамдары қала, аудан және ауыл имамдарына егжей-тегжейлі түсіндіріп, мазмұнын баяндады. Қызмет барысындағы кейбір олқылықтар мен кемшіліктер туралы ескертулер, жасап ҚМДБ-ның биылғы жұмыс бағыттары аясындағы жұмыстарды жоспарлы түрде орындап отыру керектігін ескертті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі