Ақтөбе: «Бабалар рухына Құран бағыштау» шарасы ұйымдастырылды 3026

Ақтөбе: «Бабалар рухына Құран бағыштау» шарасы ұйымдастырылды

25 қазан 2023 116 Оқу 1 минут

25 қазан – Ұлттық мереке Республика күніне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Бабалар рухына Құран бағыштау» шарасы ұйымдастырылды. 

Жамағатпен бірге Құран Кәрім хатым етіліп, егемендік жолында жанын пида еткен бабалар рухына бағышталды.

Шараға ұйытқы болған Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы аталған істің өскелең жастар үшін аса маңыздылығы мен мәнін түсіндіріп өтіп, ел тарихында қыршын кеткен барша азаматтар еске алынып, оларға дұға жасалды.

Сондай-ақ жеріміздің тыныштығы мен тәуелсіздігіміздің баянды болуы да айтылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі