Ойыл: «Жастар арасындағы стресске төзімділік» атты түсіндіру жұмысына ауданның Бас имамы қатысты 4821

Ойыл: «Жастар арасындағы стресске төзімділік» атты түсіндіру жұмысына ауданның Бас имамы қатысты

11 қыркүйек 2025 86 Оқу 1 минут

ҚМДБ бекіткен төрт бағыттың бірі — ихсан және насихат. Аталған бағыт аясында Ойыл ауданында Қараой атындағы мектепте кездесу өтіп, оған ауданның бас имамы Бақжарық Қызыр қатысты.

Шара барысында оқушыларға «Жастар арасындағы стресске төзімділік» атты түсіндіру жұмысы өтті.

Кездесу барысында тақырып аясында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, имам толыққанды жіті талдап, жауап берді.

Ақпараттық түсіндіру жұмысында Қараой ауылының әкімі Майканов Абзал және мектеп директоры Балмұханова Айнұр болды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі