Облыстың Бас имамы «Көп нүкте»  ток-шоуында қонақ болды 4096

Облыстың Бас имамы «Көп нүкте» ток-шоуында қонақ болды

29 қаңтар 2025 142 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев «Aqtobe» телеарнасындағы «Көп нүкте» ток-шоуында қонақ болып, «Қашан отау құрасың?» тақырыбында сұхбат берді.

Бағдарлама барысында Облыстың Бас имамы: «Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.

Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ер кісі отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағыларға жауапты» деген. Осыған қарап ақ отбасы мүшелерінің өзара міндеттерін исламда анық көрсетілген. Отбасын асыраушы ретінде ер адамның жауапкершілігін айқындап өткен.  Ал тағы да тағылым тұнбасы-хадистерде: «Әйел өз үйі мен балаларының бақташысы, сол үшін жауапты» деп, әйелді отбасы берекесінің ұйтқысы, ұйыстырушысы ретінде белгілеген», - отбасы құрудың құндылығына тоқталды.

Сонымен қатар кеш отбасы құрудың себептері ретінде жастардың аса талапшылдығында айта өтті.

Одан өзге биыл ҚМДБ бекіткен «Ислам және отбасы құндылығы жылы» екендігінде баяндап, маңыздылығына тоқталды.

Бағдарлама қортындысында Амантай Әбілдаұлы «жанұя жауапкершілігін көтеретін ұл мен қыз көп болсын. Отбасы бірлігі бекем болса, болашағымыз да баянды, ұрпақ тәрбиесі де ұлағатқа толы болмақ» деген ақ тілегін білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі