Шалқар: «Бір кәсіпті меңгер» тігін курсы ашылды 3027

Шалқар: «Бір кәсіпті меңгер» тігін курсы ашылды

25 қазан 2023 183 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің жанындағы қайырымдылық мекемесінде «Бір кәсіпті меңгер» тігін курсы ашылды. 

Тігін курсының ашылу рәсіміне ауданның бас имамы Абзал Медетбеков қатысып, тігін шеберханасының жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ тігін курсының қыз-келіншектердің бос уақытын тиімді пайдалануға әрі тігіс тігіп үйренуге, ісмерлік шеберліктерін шыңдауға зор мүмкіндік тудырып отырғанын айтып, шараның маңыздылығына тоқталды.

«Мешіт жанынан осындай тігін курсы ашылып жатқанына қуаныштымын. Өз өнеріммен өзгелердің еңбек етуіне себепші болсам деген мақсатта бар білгеніммен бөлісемін,-дейді тігінші Гүлбану Ыбрайымқызы.

Аталған сынып 5 тігін машинасымен және қажетті құралдармен жабдықталған. Қыз-келіншектерге арналған тігін курсы ақысыз, оқу ұзақтығы 2 айға созылады. Бүгінде курсқа 16 қыз-келіншек жазылған. Курс уақыты аяқталған соң қабылдау жалғасатын болады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі