Жамағатқа мәйітті кебіндеу рәсімі үйретілді 5823

Жамағатқа мәйітті кебіндеу рәсімі үйретілді

19 қаңтар 2026 96 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласы «Бақытжан» мешітінде мешіт шәкірттері қатысқан марқұмды кебіндеуді үйрету танымдық шарасы өтті.

Саналы ғұмырында әрбір ақыл-есі дұрыс адам ажал жетпей тұрып Алла Талаға құлшылық етіп, өзіне жүктелген парыздарды орындау тиіс.

Пайғамбарымыз (с.а.с) хадис-шаріпінде: «Дүние ләззаттарын жермен-жексен ететін ажалды еске алындар»- деген.

Дәрісті аталған мешіттің наиб имамы Абылай Үсенұлы жүргізіп, марқұмды оң жаққаа жатқызу, жуындыру, пәктеу, кебіндеу, ақтық сапарға шығарудың тәртібі туралы кеңінен мағұлмат беріп өтті. Танымдық шара алдаға уақытта жалғасын табатын болады.


Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі