Шалқар: Ұстаз ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді 2348

Шалқар: Ұстаз ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

12 қаңтар 2023 134 Оқу 1 минут

Шалқар ауданының әйел-қыздар секторының жетекшісі, аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай «Анаға тағзым» орталығында қызметкерлерге «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл байлық ел үшін» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Сонымен қатар жұмыссыз жастарға жат ағымның алдын алу мақсатында бүктемелер таратылды.

Кездесу барысында қызметкерлер мен жұмыссыз жастар белсенділік танытып, өздерінің сауалдарын қойса, ұстаз сұрақтарына тұщымды жауап берді.

Одан өзге кездесуге қатысушылар халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүр, әдеп-ғұрып сонымен қатар ел тарихын бойына сіңіре білген азамат(ша) өзін жат ағымнан сақтай алатынын түсінді.

Аталған бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі