Ақтөбе: «Әйел-қыздар» секторының бағытындағы жоспар пысықталды 2359

Ақтөбе: «Әйел-қыздар» секторының бағытындағы жоспар пысықталды

18 қаңтар 2023 217 Оқу 1 минут

 Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен қала және аудан әйел ұстаздарына арналған офлайн және онлайн жиналыс өтті. 

Аталған жиналыс барысында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдіктің 2023 жылғы жоспары талқыланып, «Әйел-қыздар» секторының бағытындағы жоспары пысықталды.

Облыстың Бас имамы әр бағыт аясындағы жұмыстарға ерекше тоқталып, арнайы тапсырмалар бекітті. Сонымен қатар қатар облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов «Уағыз-насихат» бағыты бойынша, ал «Ақпарат және ағарту» бағыты аясында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова жеке-жеке бағыттарды жетілдіру мақсатында іс-шараларды егжей-тегжейлі кеңінен түсіндірді.

Одан өзге жиналыс қортындысында әйел-ұстаздар жыл аясындағы атқарылған жұмыстарға байланысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі