Қобда: Әйел жамағатына Мәуліт кеші ұйымдастырылды
Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің ұйымдастыруымен әйел жамағатына Мәуліт кеші өтті.
Рухани кеш аудандық мешіттің ұстазы Баян Мустахаптың құттықтауымен басталды.
Сонымен қатар кеште «Фатых» сүресі оқылды.
Ақтөбе облысы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Қошқарова Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өнегелі өмірі туралы уағыз айтып, жамағаттың сұрағына жауап берді. Одан өзге пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірбаянынан сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.
Шара аясында спорттық жарыстар өтіп, қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
Руханиятты байытуға арналған Мәуліт кешінің құрметіне ақ дастархан жайылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі