Ақтөбе қаласы молдаларына семинар өткізілді 2758

Ақтөбе қаласы молдаларына семинар өткізілді

08 маусым 2023 247 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе қаласы бойынша діни рәсімдерді атқаратын жауапты молдаларға семинар өткізілді.

Жиын барысында облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Әбішев Мәжит Жайлаубайұлы ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» орталығының жұмысымен таныстырып, жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру, мәйітті арулап жуындыру, кебіндеу, жаназа намазын өткізу, садақа секілді діни рәсімдердің шариғат талабына сай өткізілу тәртіптерін жүйеге келтіру бойынша бірқатар нұсқаулықтар мен тапсырмалар берді. Сондай-ақ «Зират және зиярат мәдениеті», «Ас беру мәдениеті» секілді құжаттарды таныстырып, халық арасында насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу керек екенін айтты.

Халыққа насихат айту барысында «Дін мен дәстүр» кітабы мен «Хадис ғұрпымыз, сүннет салтымыз» атты кітаптарды басшылыққа алуды ескертті.

Алдағы уақытта халықтың арасында діни рәсімдердің өткізілу сапасын жоғары деңгейге шығару мақсатында молдаларға дәріс өткізіп, кезекті сынақтан өткізу шаралары жоспарға бекітілді.

Аталған семинар алдағы уақытта аудан молдаларына өткізілетін болады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі