Хромтауда әйел жамағаты арасында Құран жарысы өтті
ҚМДБ-ның 35 жылдығыга орай «Ислам және отбасы құндылығы жылы» аясында Республика күні қарсаңында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің «Әйел-қыздар» секторы мен «Болашақ жолы» ҚБ ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан жарыс өтті.
Аталған сайысқа Ақтөбе қаласынан облыс бойынша «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Кенжегүл Қушқарова мен Ақтөбе қалалық орталық мешіттің ұстаздары Қобланқызы Айзат пен Ерғалиева Гүлжайнар қари қатысып, әділқазы ретінде төрағалық етті.
Жарыс Құран оқумен ашылып, қатысушыларға байқау шарттары түсіндірілді. Сайыста Құранды жатқа оқу, жүзінен оқу және тәжуид ережелерінен қойылған сұрақтарға жауап беру бағыттары бойынша қамтылды. Ұйымдастырушылар діни оқу орындарының шәкірттері мен түлектерінің қатысуына шектеу қойды.
Жалпы жарыста 8 қатысушы өзара бақ сынасты. Сайыс қорытындысына сай I орынды Кәдіржанова Мәдина иеленсе, II орынға Юнусова Жақсыбике лайықты деп танылды. Ал III орын Наурызалина Әлияның еншісіне бұйырды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Одан өзге сайыс арасында көрермендерге арнайы өлең оқылып, әртүрлі ойындар ұйымдастырылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі












































