«Әл-Ләтиф» мешіті балаларға "Рамазан тәттісін" сыйлады
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ-сы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтөбе қаласындағы «Әл-Ләтиф» мешітінің бас имамы Рүстембек Аманғосұлы «Рамазан тәттісі» акциясы аясында мешіт жамағатының балаларына және «Бану» балабақшасының тәрбиеленушілеріне тәттілер таратты.
Шараның мақсаты – қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін жас ұрпаққа түсіндіру, балалардың жүрегіне мейірім мен қайырымдылық сезімін ұялату, қоғамда ізгілік пен қамқорлық мәдениетін насихаттау. Сонымен қатар бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, Рамазан айының рухани әрі тәрбиелік мәнін дәріптеу.












































