Мешіт ұстазы оқушылармен саяхат жасады 2757

Мешіт ұстазы оқушылармен саяхат жасады

08 маусым 2023 181 Оқу 1 минут

Шалқар қаласы, «Жанаман ахун» мешітінің ұстазы Нұрмағамбетова Бақытнұр Төлеуқызы Ислам және ізгі қоғам тақырыбында мектеп оқушыларымен жазғы саяхат өткізді. Ізгі адам символы пайғамбарымыздың өмірінен үлгілер айтып, қыз балаларға өнегелі насихат айтты.

Түйіндей айтқанда, ізгілікті әр қырынан айтуға болады. Алайда, Ибн Хажардың (Алла оны рақымына алсын) берген анықтамасы қысқа да нұсқа түрінде ізгі адамның бейнесін айқындап берген. Хадисші ғұлама «Алла алдындағы пенделік парыздарын толық орындаушы және адамдарға қатысты азаматтың міндетін толықтай атқарушы» дейді. Демек, ізгі адам – иманнан бастап барлық асыл қасиеттерді шама-шарқынша тұла бойына қалыптастыруға тырысқан, әрі сол құндылықтарға сай өмір сүруге ұмтылған жан екенін оқушыларға түсіндіріп өттік. Баршалары дән риза болып тарқасты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі